Түркия неміс газеттің хабарын теріске шығарды

Түркия неміс газетінде Ердоғанның грек кемелерін атқылауға тапсырма бергені жөніндегі негізсіз хабарын теріске шығарды.

1483913
Түркия неміс газеттің хабарын теріске шығарды

Түркия шығыс Жерорта теңізі тақырыбында неміс баспасөзінде Анкара әкімшілігіне бағытталған хабарлардың негізсіз екенін мәлімдеді.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой неміс газеті Die Welt-те орын алған хабар мен Грекия Үкімет мәлімдемешісінің бұған қарап жасаған мәлімдемесі туралы сұрақтарға жазбаша жауап қайтарды.

Газетте шығыс Жерорта теңізі тақырыбында Түркияға бағыттап жарияланған хабардың толығымен ойдан шығарылғанын атап көрсеткен Аксой «Грекия Үкімет мәлімдемешісінің бұл ойдан шығарылған шындыққа жатпайтын хабарына қарап, елімізге бағытталған айыптаулар жасауы да бұл елдің шығыс Жерорта теңізінде шындықтан аулақ, халықаралық заңдарға сәйкес келмейтін, арандатушы саясатының жаңа бір көрінісі. Грек мекемелері осындай шындыққа жатпайтын хабарлармен шұғылданудан гөрі аймақта қызуды арттыратын бастамалардан бас тарту керек» деді.

Die Welt газеті президент Режеп Тайып Ердоғанның шығыс Жерорта теңізінде грек кемелерін атқылауға тапсырма бергені жөніндегі негізсіз бір хабар жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар