Калын S-400 әуе қорғаныс жүйесі жайлы мәлімдеме жасады

Калын  АҚШ-тың Түркияға Ресейден алған S-400 әуе қорғаныс жүйесін шартсыз түрде күшінен қалдыруын алға тартуының қате екенін айтты.

1478518
Калын S-400 әуе қорғаныс жүйесі жайлы мәлімдеме жасады

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын  журналисттердің сұрақтарына жауап берген кезде Америка Құрама Штаттарының Түркияға Ресейден алған S-400 әуе қорғаныс жүйесін шартсыз түрде күшінен қалдыруын алға тартуының қате екенін айтты.

Калын "АҚШ қазір шартсыз түрде S-400 әуе қорғаныс жүйесін күшінен қалдыруын талап етуде. Бұны әсте қабылдай алмаймыз. Біз тәуелсіз бір елміз. Бұл шешімді тәуелсіздік негізінде жасадық" деген мәлімдеме жасады. 

Ибрахим Калын  Түркияның Ресейден алған S-400 әуе қорғаныс жүйесінің белсенді емес екенін, алайда процестің жалғасқанын білдіріп былай деді: "Қазір белсенді емес. Алайда процесс әлі жалғасуда. Бұл шешімнің күшінен жойылуы тілге тиек болмайды. Түркия мен Ресей арасында қол қойылған S-400 әуе қорғаныс жүйесі келісімі технологиялық транферді қамтуда және мұнда бір өзгеріс жоқ".

Калын Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірген (АҚШ-тың Сириядағы PYD/YPG-ге қолдауы және Фетуллахшы террор ұйымы мүшелеріне шектеме жасамауы) секілді мәселенің болғанын, сондай-ақ Түркия мен АҚШ арасындағы келіспеушілікті шешкісі келгендерін айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар