Сүйінші хабар әлем баспасөзінде

Шетелдік баспасөз президент Ердоғанның сүйінші хабарын жариялады.

1477063
Сүйінші хабар әлем баспасөзінде

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия тарихының ең ірі табиғи газ резервінің табылғанын жариялады.  Сүйінші хабар әлем баспасөзінде де жаңғырды.

Грекиядағы Skai News президент Ердоғанның хабарламасын шұғыл жаңалық деп жариялап, резерв табылғанын ресми түрде жарияланғанын білдірді. Айырықша Ердоғанның шығыс Жерорта теңізіндегі істердің де жалғасатынын айтқанына назар аударды.

 Ресейдегі Спутник те президент Ердоғанның аймақта басқа табиғи газ ошақтарының болып қалуы ықтималының жоғары екенін айтқанына орын берді.

Бріккен Араб Әмірліктерінен ағылшынша хабар тарататын The Nation да «Түркия Қаратеңізде маңызды газ резервін тапты» деген сөздерге орын берді.

Еуропада хабар тарататын Euronews хабарында табылған газдың 2023 жылы қолдануға дайын күйге келтірудің жоспарланғаны айтылды.

Кипр понти жағындағы World From Cyprus-та табылған газдың шамамен 320 миллиард текшеметр екені және Түркия үшін жаңа дәуір басталғаны білдірілді.

Грекиядағы «Катемирини» газеті де президент Ердоғанның «Қаратеңізде 320 миллиард текшеметр табиғи газ резервін таптық» деген сөздеріне орын берді.

Ливандағы Daily Star да түрік бұрғы кемесі «Фатихтің» соңғы бір айдан бері Батыс Қаратеңізде іздеу жұмыстарын жалғастырғанын еске салып, осы хабардың қаржы секторындағы толқуларды тынышталдыратынын білдірді.

Қытайдағы Синхуа агенттігі де табиғи газ резерві хабарын оқырмандарына шұғыл жаңалық ретінде жариялады.



Ұқсас жаңалықтар