Инновациялық технология өте маңызды

Президент Режеп Тайып Ердоған халықтың қолдауымен  инновациялық технологияны сал алуан етіп, болашаққа үмітпен қарайтындарын білдірді.

1433750
Инновациялық технология өте маңызды

Президент Режеп Тайып Ердоған халықтың қолдауымен  инновациялық технологияны сал алуан етіп, болашаққа үмітпен қарайтындарын білдірді. 

Президент Ердоған твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде инновациялық технологияға назар аударды. 

Ердоған мәлімдемесінде "Түркия дамыған әлемді тек ұзақтан ғана қарамауда. Соңғы 18 жылдан бері басқан қадамдар және жүзеге асырған инвестициялар арқылы жаңа процестің актерлерінің біріне айналуда. Алла бұйырса халқымыздың қолдауымен инновациялық технологияны сал алуан етіп, болашаққа үмітпен қараймыз" деген сөздер қолданды. 

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун да твиттер арқылы мәлімдеме жасап, инновациялық технологияға тоқталды. 

Алтун мәлімдемесінде "Инновациялық технология шындықты оңай бұрмалайды. Сондықтан  шындыққа жету үшін өте абай болуымыз керек" деді. 

Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак болса мәлімдемесінде "Әлем бес елден үлкен. Аймақтық бірлік құрып, ойынның түрін, мазмұнын және бағытын өзгерту біздің қолымызда. Жергілікті және отандық технология талпынысымыз, экономикамыз, сыртқы саясатымыз және ұлттық қауіпсіздік жұмыстарымыз арқылы инновациялық технологияның болашағына дайынбыз. Болашақтың байлығы болған инновациялық технология әлемінің түрін, мазмұнын және бағытын өзгерту біздің қолымызда" деген сөздерге орын берді. 

 



Ұқсас жаңалықтар