Ердоған коронавируспен күрес процесінде 102 елге жәрдем жеткізілгенін айтты

Ердоған денсаулық туризмі саласындағы талпыныстармен маусымдық туризмдегі індет себеп болған бостықтың толатынын сүйіншіледі.

1431950
Ердоған коронавируспен күрес процесінде 102 елге жәрдем жеткізілгенін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа типті коронавируспен (Сovid-19) күрес процесінде 102 елге жәрдем материалдары жеткізілгенін айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Телерадио корпорациясының (TRT) телеарнасында күн тәртіпке байланысты мәлімдемелер жасады.

Жаңа типті коронавируспен (Сovid-19) күрес процесінде Түркияның күллі әлемнің назарын аударған күресін баяндаған Ердоған:

"Коронавирус індеті Түркияға ғана емес, бүкіл әлемге әсерін тигізді. Әлем елдеріне ауыр зиян салды.  АҚШ, Қытай, Ресейді қамтыған елдер ауыр зардап көрді. АҚШ-та 45 миллион жұмыссыз болғаны айтылуда. Түркияда, Құдайға шүкір, алғашқы ширекте жақсы нәтижемен әлемде басты орынға шықтық. 4.5 пайыздық өсуге қол жеткіздік. Террормен күресті де үзіліссіз жалғастырдық және жалғастырып жатырмыз. Денсаулық сақтау саласында 102 елге медициналық жәрдем материалдарын жолдадық" деді.

Жергілікті және ұлттық тыныс алу жиһазы өндірісінде сұраныстардың артқанын айтқан Ердоған Сovid-19 індетіне қарсы вакцина мен дәрі жасау жұмыстары жалғасқанын атап өтті.

Ердоған денсаулық туризмі саласындағы талпыныстармен маусымдық туризмдегі індет себеп болған бостықтың толатынын сүйіншіледі.    



Ұқсас жаңалықтар