Террормен күрес жалғасуда

Елкөлемінде және Ирактың солтсүтігінде 6 террорист залалсыздандырылды.

1430266
Террормен күрес жалғасуда

Ирактың солтүстігіне жасалған әуе операциясында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға мүше 4 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің ресми твиттер парақшасынан жасалған мәлімдемеде Ирактың солтүстігіндегі Хафтанин, Авашин және Зап аймақтарында барлау және күзет құралдарымен анықталған PKK-лық 4 террористтің әуе операциясымен залалсыздандырылғанын білдірді.

Ішкі істер министрлігі болса Мардиннің Өмерли аудандық аймағында Қалалық Жандармерия қолбасшылығының ұйымдастыруымен жандармерия арнайы жасақтары және қауіпсіздік күштерінің қатысуымен бір операция жасалғанын жариялады.

Операцияда 2 террористтің залалсыздандырылғаны және көптеген оқ-дәрінің қолға түскені білдірілді.

Сиирттің Байкан ауданы ауылдық аймағында жасалған операцияда болса 2 террорист қаруларымен бірге залалсыздандырылды.



Ұқсас жаңалықтар