"Түркия жаһандық қайта құру процесінің орталығында"

Ердоған видео конференция әдісімен өткізілген Әділет және даму партиясының Орталық атқару комитеті жиналысында сөз сөйледі.

1402768
"Түркия жаһандық қайта құру процесінің орталығында"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның жаһандық деңгейдегі қайтадан құру процесінің орталығында екенін айтты. 

Ердоған видео конференция әдісімен өткізілген Әділет және даму партиясының Орталық атқару комитеті жиналысында Түркияның Covid-19-бен тығыз күресіп жатқанын білдірді. 

“Негізінде медициналық проблема болып саналатын осы індет экономикалық қорытындыларымен де Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен дағдарысқа айналды.  Әсіресе дамыған елдердің осындай ауқымды бір дағдарыс алдындағы амалсыздығы болашаққа байланысты барлық болжамдардың қайта қаралуын мәжбүр қылады” деді ол. 

Режеп Тайып Ердоған:  “Еуропаның барлығы мен Иран секілді індет ауыр тиген елдердің дәл қасындағы Түркияның осы процестен тыс қалуы әрине мүмкін емес. Алайда біздің басқа елдерден айырмашылығымыз әрі мықты медициналық инфрақұрылымға ие болуымыз,  әрі қажетті шараларды уақытында қолдана бастағанымыз” деді. 

Ердоған Түркияның Екінші дүниежүзілік соғыстан бері бірінші рет жаһандық деңгейдегі қайтадан құру процесінің орталығында болу мүмкіндігіне қол жеткізгенін айтты. “Эпидемиямен күресу секілді індеттен кейін әлемде,  аймағымызда және елімізде ортаға шығатын жаңа жағдайларға да дайын болу өте маңызды” деді ол. 

Президент: “Рамазан айы бойы да шараларды жоғары деңгейде ұстап, құдай қаласа айттан кейін еліміздің қалыпты өмірге өтуін мақсат етіп отырмыз” деді. 



Ұқсас жаңалықтар