Түркия Израиль мен Палестинаға медициналық көмек жолдайды

Израильдің «Сovid-19» эпидемиясымен күреске қолдау мақсатты Түркиядан көмек сұрағанын жариялады.

1396380
Түркия Израиль мен Палестинаға медициналық көмек жолдайды

Түркия Израильге қоса, Палестинаға да медициналық көмек жолдайды.

Тақырыппен байланысты жекеменшік бір арнаға мәлімдеме жасаған Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын «Сovid-19» эпидемиясымен күреске қолдау мақсатты Израильдің Түркиядан көмек сұрағанын хабарлады.

Медициналық материалдардың дайындалып жатқанын білдірген Ибрахим Калын Израильге қоса, Палестинаға да бірдей медициналық көмектін жеткізілетінін атап көрсетті.

17 жылдан бері денсаулық сақтау саласында үлкен қадамдар басқандарын атап көрсеткен Калын «Өнеркәсіптік өндірісте көптеген фирмамыз маска, арнайы сақтандыру киімдері, медициналық материал өндірісіне бет бұрды. Денсаулық сақтау инфрақұрылымымыздың мықты болуы бұл эпидемияға қарсы біздің 15-16 жылдан бері дайындалып жатқанымызды көрсетеді» деді.

Калын Түркияда жылдардан бері қалалық ауруханалар, медициналық материалдар мен инфрақұрылымдық инвестициялар арқылы эпидемияға қарсы дайындалғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар