Коммуникация басқармасы төрағасы Еуроодақты сынға алды

Фахреттин Алтун газ сеуіп босқындарды тарқатуға тырысқан бір елдің ақылақ туралы сөз қозғай алмайтынын атап көрсетті.

1371660
Коммуникация басқармасы төрағасы Еуроодақты сынға алды

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун «уақытша қорғау ережесін» тоқтатып, босқындарды газ сеуіп тарқатуға әрекет жасаған бір елдің ақылақ туралы сөз қозғай алмайтынын атап көрсетті.

Алтун твиттер парақшасынан ағылшын тілінде жасаған мәлімдемеде Грекияның босқындарға қарсы қатыгез ұстаным танытып, кейін Түркияны айыптағанын білдірді.

Алтун «Бұл жылдардан бері үйреншіктікке айналған қос стандарт пен екіжүзділік. Уақытша қорғау ережесін тоқтатып, босқындарды газ сеуіп тарқатуға әрекет жасаған бір ел ақылақ туралы сөз қозғай алмайды. Еуроодақ босқындардың Еуропаға кіруінің алдын алу үшін жаңа майдан болып көргендері Грекияға жәрдем беруге тырысуда. Еуропаның соңғы 9 жылдан бері мақұлдаған қауіпсіздік ұстанымы міне осы» деді.

Сирияда жалғасқан адами қайғы-қасіретті жою үшін Еуроодақ пен халықаралық қоғамның қозғалу керектігін білдірген Алтун зұлымдығын жалғастырған және қаупі жалғасқан режимнің тоқтатылу керектігін атап көрсетті.

Алтун халықаралық қоғамның бастамаларының Грекияға емес, Сирияға бағытталу керектігін мәлімдеді.

Еуроодақтың 2015 жылы Түркиямен жасаған келісімнің де жазықсыз адамдар туралы емес, қауіпсіздік тақырыпты бір санаға сүйенген және босқындардың Еуропаға өтуінің алдын алу үшін жасалған бір келісім екеніне назар аударған Алтун «Сол кездің өзінде Еуроодақ қаржы, виза жеңілдігі және көптеген тақырыпта өз жауапкершіліктерін орындамады. Түркия бар жүкті мойындаған кезде олар үшін босқын мәселесі шешілді. Негізінде дағдарыс аяқталмаған еді. Тек қана Түркияның бастамасымен Еуропаға ықпалы шектелді. Еуроодақ әр нәрсе қалпында сияқты қозғалып, Сириядағы гуманитарлық дағдарысқа көзін жұмды. Резервтеріміз Еуропаға көштің алдын алудың орнына Идлибтен келген босқындар мен елді-мекендерінен мәжбүрленген адамдарға бағытталып, босқын саясатымызды өзгертуімізге тура келді. Ұлттық экономика мен әскери резервтерімізді бұл орайда жұмсаудамыз. Еуроодақтың жалғыз проблемасы болса Еуропаға көш толқыны» деді.



Ұқсас жаңалықтар