Президент Ердоған Германия сапарынан елге оралды

Берлинде болып өткен Ливия саммиті аясында байланыстарын аяқтаған президент Ердоған елге оралды.

1343598
Президент Ердоған Германия сапарынан елге оралды

Германия канцлері Ангела Меркельдің шақыруымен Ливия тақырыбында жүзеге асқан саммит аясында байланыстарын аяқтаған Президент Режеп Тайып Ердоған Берлиннен елге оралды.

Президент Ердоған және қасындағы делегация мінген арнайы «TRK» ұшағы Түркия уақытымен 23.50-де Стамбул Ататүрік әуежайына қонды.

Президент Ердоғанды әуежайында вице-президент Фуат Октай, Стамбул губернаторы Али Йерликая және Стамбул Полиция директоры Мұстафа Чалышкан қарсы алды.

Президент Ердоғанға қоса Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Ұлттық Барлау ұйымы төрағасы  Хакан Фидан, Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун және президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын да елге оралды.



Ұқсас жаңалықтар