Яшар Гүлер АҚШ Бас штаб төрағасымен кездесті

Бас штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер Америка Құрама Штаттары Бас штаб төрағасы генерал Марк Миллермен кездесті.

1341021
Яшар Гүлер АҚШ Бас штаб төрағасымен кездесті

Яшар Гүлер АҚШ Бас штаб төрағасымен кездесті.

Бас штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер Америка Құрама Штаттары Бас штаб төрағасы генерал Марк Миллермен Сирия тақырыбы туралы кездесті.

Генерал Гүлер НАТО Бас штаб төрағалары жиналысы аясында Бельгияның астанасы Брюссельге барды. Гүлер бұл жерде АҚШ Бас штаб төрағасы Марк Миллермен кездесті.

Америка Құрама Штаттары Бас штаб басқармасы мәлімдемешісі полковник DeDe Halfhill жасаған жазбаша мәлімдемесінде «Бас штаб төрағасы  генерал Марк Миллер бүгін Брюссельде Түркия Бас штаб төрағасы генерал Яшар Гүлермен кездесті. Екі генерал Сириядағы қауіпсіздік жағдай және аймақта Түркия-Америка ынтымақтастығының маңызын қолға алды. АҚШ Түркиямен екі жақты стратегиялық қарым-қатынастарына қатты көңіл бөлуде» деген сөздер қолданды.

НАТО мүшесі  29 елдің бас штаб төрағалары одақтастықтың күн тәртібіндегі маңызды тақырыптарды қолға алу үшін Брюссельде бас қосты.

Жиналыстың баста күн тәртібін   НАТО-ның қорғаныс қабілеті, Ирак әскери машық миссиясы, Ауғанстандағы әскери қолдау миссиясы, «KFOR» деп аталған Косовадағы бейбітшілік күші және Ресей құрауда.  

 



Ұқсас жаңалықтар