Чавушоғлу мен Лавров баспасөз мәслихатын өткізді

Ердоған мен Путин 12 қаңтар күні түнгі сағат  00.00-де Ливияда атысты тоқтату үшін шақыру тастайды.

1337366
Чавушоғлу мен Лавров баспасөз мәслихатын өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин 12 қаңтар күні түнгі сағат  00.00-де Ливияда атысты тоқтату үшін шақыру тастайды.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу  мен орыс әріптесі Сергей Лавров Ердоған мен Путиннің Ыстамбұлда өткен кездесуіне байланысты ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Чавушоғлу Ердоған мен Путиннің Ыстамбұлда өткен кездесуде екі жақтылы қарым-қатынастармен қоса аймақтық тақырыптарды қолға алғанын айтты.

Екі елдің Сириядағы ынтымақтастығы, Идлибте атысты тоқтату, АҚШ-Иран дағдарысына байланысты нелер істелетіні, Ирак және Ливия жайлы көзқарас алмастырылғанын айтқан Чавушоғлу:

"Ливиядағы атысты тоқтату үшін орыс ортақтарымызбен жұмыстанудамыз. Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин 12 қаңтар күні түнгі сағат 00.00-де Ливияда атысты тоқтату үшін шақыру тастайды" деді.

Лавров та  Ердоған мен Путиннің Басра Шығанағында асқынған дағдарысты бейбіт жолмен шешуде келісімге келгенін айтты.

Лавров екі басшының мәселені шешу талпынысына барлық тараптардың және көрші елдердің қатысуы маңызды екенін дәріптегенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар