Чавушоғлу Пэйнге көмек қолын созды

Чавушоғлу әріптесі Мэрис Пэйнге өртпен күресте әртүрлі көмекті беруге дайын тұрғандарын жеткізді.

1336501
Чавушоғлу Пэйнге көмек қолын созды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Австралия Сыртқы істер министрі Мэрис Пэйнге өртпен күресте әртүрлі көмекті беруге дайын тұрғандарын жеткізді.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу өткен жылы қыркүйектен бері орманда әсерлі болған және кейбір елді мекендерге де жеткен Австралиядағы өртке байланысты қолдау сәлемін жолдады. 

Чавушоғлу әріптесі Пэйнге әлеуметтік желіден жолдаған сәлемінде:

"Қымбатты досым Пэйн көркем еліңізде тізгіндеуге келмеген орман өрті мені және халқымды алаңдатып отыр. Қайғыңызды бөлісеміз. Осы қорқынышты апатпен күресте қажетті барлық көмекті беруге дайынбыз" деді. 

Австралияның түрліше аймақтарында әсерлі болған және айлардан бері тізгін бермеген өрт себепті қаза тапқандар саны 25 кісі болғаны, ондаған адамның хабарсыз кеткені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар