Вице-президент 370 мың сириялықтың еліне оралғанын мәлімдеді

Газиантепте «Көші-қон және қоныс аударудың жергілікті шешімдері бойынша халықаралық форум» болып өтті.

1312796
Вице-президент 370 мың сириялықтың еліне оралғанын мәлімдеді

Вице-президент Фуат Октай Сирияда террордан тазаланған аймақтарға шамамен 370 мың адамның оралғанын мәлімдеді.

Газиантеп қаласында «Көші-қон және қоныс аударудың жергілікті шешімдері бойынша халықаралық форум» болып өтті. Вице-президент Фуат Октай форумда баяндама жасады.

Сириядағы гуманитарлық дағдарыстың аяқталуын шынайы қалаған баршаның қауіпсіз аймақ тақырыбында жауапкершілік алу керектігін атап көрсеткен Октай «Біз кімнің не айтқанына, қанша қолдау бергеніне қарамастан бейбітшілік коридорын іске асыруға табандымыз» деді.

Октай «Аймақта террор ұйымдарын жіктегендер және Чобанбей, Джераблус сияқты қауіпсіздік қамтамасыз етілген аймақтарда бейбітшілікке оқ атқандар біле тұра немесе білмей, террорға қолдау бергенін ұмытпау керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар