Террор ұйымы Азезде жазықсыз адамдарды нысанаға алды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Азездегі террор шабуылымен байланысты мәлімдеме жасады.

1311978
Террор ұйымы Азезде жазықсыз адамдарды нысанаға алды

Бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның Сирияның Азез ауданында жазықсыз адамдарға бағытталған шабуылында 2 адам қаза тапты.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Азездегі террор шабуылымен байланысты PKK/YPG-нің Евфрат қалқаны операция аймағында жазықсыз адамдарды нысанаға алынғанын мәлімдеді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде «Адамзаттың дұшпаны террор ұйымы PKK/YPG бұл жолы Евфрат қалқаны операция аймағындағы Азез ауданында жазықсыз адамдарды нысанаға алды. Қала орталығындағы автотұрақ алдында бомба тиелген көлікті жарған террористтер алғашқы мағлұматтарға қарағанда 2 адамды өлтіріп, кем дегенде 3 жазықсыз адамды ауыр жаралады» делінді.

Жарылыста айналаға үлкен материалдық зиян келді.



Ұқсас жаңалықтар