Ердоған «СКТР құқықтарын қорғаймыз» деді

Ердоған «СКТР байрағының мақтанышпен желбіреуі үшін әртүрлі талпыныс жасаймыз» деді.

1306791
Ердоған «СКТР құқықтарын қорғаймыз» деді

Президент Режеп Тайып Ердоған «Солтүстік Кипр Түрік Республикасы байрағының мақтанышпен желбіреуі үшін әртүрлі талпыныс  жасаймыз» деді.

Президент Ердоған 15 қараша Солтүстік Кипр Түрік Республикасы 36 жылдығына орай жариялаған жолдамасында «Солтүстік Кипр Түрік Республикасының тәуелсіздігі үшін жанын пида еткен шейіттерді құрметпен еске аламыз. Құрушы президент Рауф Денкташ болып, 36 жылдан бері Солтүстік Кипр Түрік Республикасының дамуында, өркендеуінде және осы таңға жетуінде үлкен үлес қосқан тұлғаларға алғыс айтамыз» делінді.

Ердоған осы таңда Кипр түріктері өмір сүрген территорияда әртүрлі қысымға қарамастан әскерлеріміз батырлық көрсеткенін білдірді.

Президент Ердоған «Әсіресе Кипр түріктерінің Шығыс Жерорта теңізінде анықталған көміртегі ресурстары жайлы құқықтарын қорғаймыз, басқаларының басып алуына әсте рұқсат бермейміз» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар