Президент Ердоған мен Трамптың кездесуі басталды

Президент Ердоған Ақ үйге келгенде Дональд Трамп тарапынан рәсіммен күтіп алынды.

1306049
Президент Ердоған мен Трамптың кездесуі басталды

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штатарының президенті Дональд Трамптың шақыруы бойынша АҚШ-қа сапарлай барды.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың Ақ үйдегі кездесуі басталды.

Ердоған Ақ үйге келгенде Дональд Трамп тарапынан рәсіммен күтіп алынды.

Кездесу алдында екі лидер ақпарат саласына қысқаша бір мәлімдеме жасады.

Ердоған жан-жақты мәлімдемені оңаша кездесуден кейін ұйымдастырылатын баспасөз мәслихатында жасайтындарын білдірді.

Президент Ердоғанмен ұзақ уақыттан бері дос екенін білдірген Трамп "Түркия мен Сирия шекарасында жасаған жұмыстарына" орай Ердоғанға алғыс айтты.

Трамп Түркияның соңғы кезеңде Сирияда террористік ұйым ДАИШ мүшесі 100-ден астам террористі ұстағанын ескертті. 

"Түркиямен сауда мөлшерімізді арттырамыз" деген Трамп  Түркияның Ресейден алған әуеден қорғаныс жүйелері S-400 бен F-35 соғыс ұшағы жобасы тақырыптарында да көзқарас алмастыратындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар