Түркиядан АҚШ-қа наразылық

Түркия АҚШ-тың «2018 жылы терроризм рапортына» наразылық көрсетті.

1299540
Түркиядан АҚШ-қа наразылық

Түркия АҚШ Сыртқы істер министрлігі жариялаған «2018 жылы терроризм рапортына» наразылық білдірді.

Анкара АҚШ мекемелерінің мақсатының заңға қарама-қайшылықтарын жасыру екенін мәлімдеді.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой аталмыш рапортқа қатысты сұрақтарға жазбаша жауап қайтарды.

Аксой рапортта АҚШ «шетелдік террор ұйымы» деп тізімге алған PKK-ның 2015-2018 жылдары арасында Түркияда мың 200-ден астам жазықсыз адам, полиция және әскерді шәйіт еткеніне назар аударды.

Аксой «YPG-нің атын атамай, оның орнына 'PKK-ның Сириядағы бөлігі' деп сілтеме жасауы, бұл террор ұйымымен ынтымақтастығын жасырмаған АҚШ мекемелерінің заңға қарама-қайшылықтарын жасыру екенін ашық көрсетеді» деді.

Аксой рапорттағы Фетуллахшы террор ұйымына (ФЕТӨ) қатысты «Түркияны нысанаға алған террор ұйымы ФЕТӨ-нің басшысын ‘айдаудағы дін қызметкері’ деп атаған АҚШ-тың 15 шілде күнгі опасыз төңкеріс әрекетін елемегені және қолдағаны ашық түрде байқалады. Сондай-ақ бұл террористің АҚШ-та өзіне сенімді бір баспана тапқанын жоққа шығару талпынысының көрінісі. 251 жазықсыз азаматты шәйіт етті және мыңдаған адам жарақат алған 15 шілдедегі опасыз төңкеріс әрекетіне жауаптысы ФЕТӨ террор ұйымының тек қана Түркия емес, барлық елдер үшін аса қауіпті екенін ескерген жөн. Террормен күресте халықаралық ынтымақтастықтың маңызы үлкен екенін ұмытпауымыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар