Жаңа операция жүргізілмейді

Министрлік «Бейбітшілік бұлағы» операциясына байланысты 6 баптан тұратын мәлімдеме жасады.

1292873
Жаңа операция жүргізілмейді

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» алаңы тысында жаңа операция жүргізілмейтінін білдірді.

Министрлік «Бейбітшілік бұлағы» операциясына байланысты 6 баптан тұратын мәлімдеме жасады.

Хабарламада 17 қазан күні Евфрат өзенінің шығысына байланысты Түркия мен Америка Құрама Штаттары арасында келісімге келінгені және осы аяда операцияға 120 сағат үзіліс берілгені еске салынды. «Бүгінге дейін келісімге келінген тақырыптардың орындалуында қажетті сезімталдық көрсетілді» делінді.

Мерзімнің аяғында Америка Құрама Штаттары тарапынан сепаратистік террорлық ұйым PKK/YPG-нің аймақтан кетуі аяқталды. Хабарламада: «22 қазан күні Сочиде президентіміз бен Ресей Федерациясы президенті арасында келісілген келісім шеңберінде болса бүгіннен бастап Ресеймен ортақ жұмыстар басталады.  «Бейбітшілік бұлағы» операциясы алаңы тысындағы шекарамыздың қауіпсіздігі және YPG террорлық ұйым мүшелерінің 30 км тысына шығарылуына байланысты факторларды да қамтыған келісім аясында қазіргі операция тысында осы сатыда басқа бір операция жүргізуге қажеттілік қалмады» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар