Шентоп Түркияның нысанасына жеткенін білдірді

Шентоп: "Түркия АҚШ-пен кеше жасалған келісіммен Бейбітшілік бұлағы операциясына негіз қалайтын нысаналарына қол жеткізді."

1290377
Шентоп Түркияның нысанасына жеткенін білдірді

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп Түркияның Америка Құрама Штаттарымен Сирияның солтүстік шығысы үшін кеше жасалған келісіммен Бейбітшілік бұлағы операциясына негіз қалайтын нысаналарына қол жеткізгенін білдірді.

Мұстафа Шентоп әлеуметтік желіден Түркия мен Америка Құрама Штаттары арасында жүргізілген  Бейбітшілік бұлағы операциясына байланысты мәлімдеме жасады.

Шентоп мәлімдемесінде:

"Түркия Америка Құрама Штаттарымен кеше жасалған келісіммен Бейбітшілік бұлағы операциясына негіз қалайтын нысаналарына қол жеткізді. Осы процесте болған оқиғалар мен тараптардың тұғыры да тіркелді. Түркияның әскери және саяси күшіне көз жеткізілді. Ақыл күші уақыт өте келе анықталады" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар