"Түркия -  тек Сирия емес,  бүкіл аймақ үшін маңызды одақтас»

Сенатор Грэм президент Ердоғанмен кездесті.

1274353
"Түркия -  тек Сирия емес,  бүкіл аймақ үшін маңызды одақтас»

Америкалық Республикашыл сенатор Линдси Грэм Түркияның тек Сирия емес,  бүкіл аймақ үшін маңызды одақтас екенін айтты.

Оңтүстік Каролина сенаторы Грэм БҰҰ-ның 74-ші Бас ассамблея сессиясы шеңберінде Нью-Йоркқа барған президент Ердоғанмен кездесті.

Кездесуден кейін Грэм Ердоғанмен Сириядағы оқиғалар және F-35 әскери ұшақтар бағдарламасын қолға алғандарын айтты.

Грэм кездесудің өте тамаша өткенін атап көрсетіп: «Түркияның Сирияның тұтастығы тақырыбында,  елдің солтүстік батысында ДАИШ-ке қарсы және Башар Асадтың әскери жеңіске жетпеуі үшін берген қолдауы керемет,  ең маңыздысы болса Түркия Идлибте тұратын 4 миллион адамның өлтірілуіне кедергі болып отыр» деді.

«Түркияның F-35 бағдарламасына кері оралуы және бәлкім еркін сауда келісімін жасау өте маңызды.  Түркия -  тек Сирия емес,  бүкіл аймақ үшін маңызды одақтас» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар