Ердоған АҚШ-тың жасырын ниетін айыптады

Ердоған "Евфраттың шығысында Түркия үшін емес, террористік ұйым үшін қауіпсіз аймақ құру түсінігін қабылдамаймыз" деді.

1265606
Ердоған АҚШ-тың жасырын ниетін айыптады

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының Сириядағы Евфраттың шығысында Түркия үшін емес, бөлшектеуші террористік ұйым ПКК үшін Қауіпсіз аймақ құру ниетінде екенін білдіріп:

"Мұндай түсінікті қабылдамаймыз" деді.

Президент Ердоған Малатияда ұйымдастырылған топтық беташардағы сөзінде Сириядағы Евфраттың шығысында құрылуы жоспарланған қауіпсіз аймақ үшін Америка Құрама Штаттарымен кездесіп жатқандарын білдірді.  

Ердоған: "Алайда аталмыш тақырыпта біздің қалауымыз бен олардың ойлағандары ұқсамайтынын әр қадамда байқап отырмыз. Біз аймақтағы террористік ұйымды толық жоюды нысанаға алып отырмыз, олар болса террор ұйымымен бізді ұқсас өреде жөнге салудың жолын қарастыруда. Одақтасымыз Евфраттың шығысында Түркия үшін емес, террористік ұйым үшін қауіпсіз аймақ құру ойында секілді. Мұндай түсінікті қабылдамаймыз" деп баса көрсетті. 

"Қыркүйек айының соңына дейін Евфраттың шығысында өз әскерлерімізбен қауіпсіз аймақ құруды бастай алмасақ, онда өзімізге тән жолмен жүруден басқа шарамыз қалмайды" деді Ердоған.

Президент Ердоған:

"Өміршең мәселелерден бас тартпаймыз. Түркия сияқты елді террор ұйымдарына тастау түсінігі күллі әлемге қауіп төндіреді" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар