АҚШ-тың жаңа елшісі ант берді

Бір жарым жылдан бері Түркияға өкілетті елші тағайындалмаған болатын.

1252893
АҚШ-тың жаңа елшісі ант берді

Америка Құрама Штаттарының Түркиядағы жаңа өкілетті елшісі Дэвид Саттерфиельд бүгін АҚШ Сыртқы істер министрлігінде ант беріп, міндетін бастады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео ант беру мерәсіміне байланысты әлеуметтік желіде «Елші Саттерфиельд осы міндетіне үлкен тәжірибе және мәлімет қосады.  Америка Құрама Штаттарының Түркиядағы елшілігінде мүддемізді қорғайды» деп жазды.

АҚШ президенті Дональд Трамп 2017 жылы міндетке бастағаннан кейін сол жылы Түркиядағы міндет мерзімі аяқталған елші Джон Бассты Ауғанстанға елші ретінде тағайындаған болатын. Бір жарым жылдан бері Түркияға өкілетті елші тағайындалмаған еді.

Джордж У. Буш кезінде Мемлекеттік хатшы болған Кондалеза Райстің Ирактан жауапты кеңесшісі міндетін атқарған Саттерфиельд Ливан,  Сирия,  Тунис және Сауд Арабиясында да түрлі қызметте жұмыс істеді.


Этикеттер: #Түркия , #елші , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар