«Ардагер Мәжілісте сол түні» атты кітап 9 тілде жарияланды

Адана депутаты Недждет Үнүвар жазған 9 тілдегі кітапты штрих код арқылы планшет немесе компьтерге түсіріп оқуға болады.

1235428
«Ардагер Мәжілісте сол түні» атты кітап 9 тілде жарияланды

Фетуллахшы террор ұйымының 2016 жылы 15 шілде күнгі опасыз төңкеріс әрекеті тақырыбына жазылған «Ардагер Мәжілісте сол түні» атты кітаптың авторы Әділет және даму партиясы Адана депутаты Недждет Үнүвар 9 тілге аударылған шағын формадағы кітапшалармен әлемге сол түнді түсіндіруде.

Президенттік Денсаулық және азық-түлік саясаттары кеңесі мүшесі профессор Үнүвар 15 шілде күні түнде Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде (ТҰҰМ) болған оқиғалар жазылған кітабын сол күні Мәжілістегі депутаттармен жасаған сұхбаттар және фотосуреттермен дайындаған.

Үнүвар ТҰҰМ тарапынан екі рет басылғанын, кейінгі басылымдарының Пошта, телефон, телеграмма (PTT) бас дирекциясының Түрік және ағылшын тілдерінде басқанын, кітаптың салмағының ауырлығы себепті таратылуының қиын екенін атап көрсетті.

Кітаптың осы жолы ТИКА тарапынан түрік, ағылшын, араб, неміс, Босния, албан, француз, испан және орыс тілдеріне аударылып басылғанын, осы кітаптардың дипломатиялық өкілеттіктерге жіберілгенін атап көрсеткен Үнүвар «ТИКА тарапынан басылған әрбір кітапқа сол тілде 2016 жылы 15 шілде түнінің нағыз батыры президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның алғы сөзі салынды. Кітаптың соңында болса Анадолы агенттігінің түрік, ағылшын және араб тілдерінде дайындалған 15 шілде күнгі оқиғалардың хронологиясы қосылды. Осылайша 80 бет болып 80 дайындалған шағын формадағы ‘Ардагер Мәжілісте сол түні’ атты кітаппен опасыз төңкеріс әрекетінің ТҰҰМ-дегі көрінісінің бүкіл әлемге таныстыру нысанаға алынды. Оқырмандар 9 тілге аударылған 190 грамм салмағындағы кітаптан сол тілдегі штрих кодпен планшет немесе компьютеріне жеңіл енгізіп оқу мүмкіншілігі табады» деді.



Ұқсас жаңалықтар