Ердоған S-400 әуеден қорғаныс жүйесі келер ай келетінін айтты

Президент Ердоған  S-400 әуеден қорғаныс жүйесінің келер айда тапсырып алынатынын білдірді.

1224843
Ердоған S-400 әуеден қорғаныс жүйесі келер ай келетінін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған  S-400 әуеден қорғаныс жүйесінің келер айда тапсырып алынатынын білдірді.

Президент, Әділет және даму партиясының төрағасы Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі топ жиналысында сөз сөйледі. 

Ердоған сөзінде "Ресейге сұранысы берілген S-400 әуеден қорғаныс жүйесін Құдай қаласа, келесі ай тапсырып ала бастаймыз" деді.

Ердоған "S-400 әуеден қорғаныс жүйесі мәселесі егемендік құқығымызбен тікелей байланысты және бұдан кері қадам баспаймыз" деп көрсетті.

Шығыс Жерорта теңізіндегі іздеу-барлау жұмыстарына да тоқталған Ердоған:

"Грекия премьер-министрінің не айтқанына қарамай, біздің ол жерде құқығымыз бар. Құқығымызды қорғау мақсатымен әрі іздеу-бақылау кемелеріміз, әрі бұрғылау кемелеріміз іс-шараларын жалғастырады" деп баса дәріптеді.

Франция премьер-министрі Эммануель Макронның Шығыс Жерорта Теңізіне байланысты мәлімдемелеріне наразылық көрсеткен Ердоған:

"Франция сенің сөз айту құқығың жоқ. Сенің мұндай билігің де жоқ. Су айдындарына байланысты қатысты алаңдар ішіндегілердің айтатын сөздері бар. Кипрге келсек, ол жерде үш кепіл мемлекет бар (Түркия, Грекия, Ұлыбритания). Бұл елдердің сөйлеу құқығы бар" деді.



Ұқсас жаңалықтар