"Францияның террор ұйымымен байланысына жылы қарамаймыз"

Чавушоғлу ресми сапармен Түркияға келген Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив ле Дрианмен Анкарада бас қосты.

1218083
"Францияның террор ұйымымен байланысына жылы қарамаймыз"
drian-cavusoglu1.jpg
drian-cavusoglu.jpg

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Францияның бөлшектеуші террорлық ұйым PKK-ның Сириядағы жалғасы YPG-мен жақын қатынастарына жылы қарамайтындарын айтты.

Чавушоғлу ресми сапармен Түркияға келген Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив ле Дрианмен Анкарада бас қосты. Түрік министр оңаша және делегациялық кездесулерден кейін ортақ баспасөз мәслихатында Франция мен Түркияның  Сирия тақырыбында бір мәселе тысында көзқарастары бірдей екенін айтты.

«Францияның PKK-дан еш айырмашылығы жоқ  YPG-мен жақын ынтымақтастығына жылы қарамаймыз.  Францияның YPG-мен ынтымақтастықта болуы Францияға жараспайды. Сирияның болашағы үшін, шекара тұтастығы, территория тұтастығы үшін өте қауіпті.  Айырықша біздің шекара қауіпсіздігіміз және еліміз үшін маңызды тақырып» деді Чавушоғлу.

Сирия Идлибте бітім тақырыбына тоқталған министр саяси емес,  әскери шешімге сенетін әкімшіліктің Идлибке бағытталған шабуылдарының артқанына назар аударды.

Чавушоғлу осы шабуылдардың тоқтауы үшін Ресей мен Иранның кепілгер ел ретінде Сирия әкімшілігіне қысым арттыруы керектігін атап көрсетті.

Франция Сыртқы істер министрі де «Біз Идлиб тақырыбында Түркияны қолдаймыз.  Бітімге бағынуды қамдауымыз керек.  Себебі өте қауіпті» деді.



Ұқсас жаңалықтар