Түркия Ауғанстанға Рамазан жәрдемін жолдады

Түркия Ауғанстанның шығысындағы Нангархар уәлаятындағы көмекке мұқтаж отбасыларына Рамазан жәрдем материалдарын жолдады.

1202010
Түркия Ауғанстанға Рамазан жәрдемін жолдады

Түркия Ауғанстанның шығысындағы Нангархар уәлаятындағы көмекке мұқтаж отбасыларына Рамазан жәрдем материалдарын жолдады. 

Жәрдем материалдары Нангархар әкімінің орынбасары Тамим Ареф Моманд және Түрік Ынтымақтастық және координация агентті ТИКА-ның Кабул координатор көмекшісі Юсуф Акча қатысқан рәсіммен таратылды.

ТИКА-ның Кабулдағы басқармасынан жасалған мәлімдемеде Рамазан жәрдемдері аясында Нангархар уәлаятындағы көмекке мұқтаж 100 отбасына Рамазан жәрдемі жасалғаны білдірілді.

Мәлімдемеде жәрдем құтыларының ішінде ұн, күріш, сұйық май, қант, шай, кеспе және дәнді дақылдар сияқты негізгі азық-түрік материалдарының бар екені жеткізілді.

ТИКА-ның Рамазан айы бойынша елде жәрдем іс-шараларын жалғастыратыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар