Ердоған мен Путин телефонда сөйлесті

Ердоған мен Путин кешкі уақыттарда телефон арқылы сөйлесті.

1200608
Ердоған мен Путин телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей Президенті Владимир Путинге Сирияда режим күштерінің Идлибте Түркия мен Ресей ынтымақтастығын бұзуға тырысқанын айтты.

Ердоған мен Путин кешкі уақыттарда телефон арқылы сөйлесті.

Ердоған мен Путиннің телефондағы әңгімелеріне байланысты жағдайды  Президенттік коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Твиттер арқылы жариялады.

Екі лидер әңгіме барысында екі ел қарым-қатынастарымен қатар Сирияның Идлиб аймағындағы соңғы оқиғаларды қолға алды. Ердоған режимнің соңғы екі аптадан бері Идлиб дағдарысын азайту аймағына бағытталған атысты тоқтату келісімін бұзу әрекеттерінің алаң туғызғанын, жай халықтармен қатар мектептер мен ауруханалардың зақымдалғанын баяндады.

Режимнің мақсатының Идлибте Түркия мен Ресей ынтымақтастығын бұзу екенін меңзеген Президент Ердоған Идлибте дағдарыстың ушыққанына және Атазаң комитеті процесінің кедергіге ұшырау қаупіне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар