Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі 23 сәуір күні жұмыс бастайды

Жалпы Кеңесте Ұлттық Егемендік және Балалар мерекесіне орай арнайы отырыс ұйымдастырылады.

1187456
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі 23 сәуір күні жұмыс бастайды

Сайлауға орай демалысқа шыққан Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі 23 сәуір күні жұмыс бастайды. Жалпы Кеңесте Ұлттық Егемендік және Балалар мерекесіне орай арнайы отырыс ұйымдастырылады.

31 наурыз жергілікті сайлауы себепті жұмысты уақытша тоқтатқан Мәжіліс 23 сәуірде мереке шаттығымен басталады.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде 23 сәуір Ұлттық Егемендік және балалар мерекесі рәсімдері азанда Ататүрік ерскерткішіне гүл шоғын қоюмен басталады.

Мәжіліс төрағасы Мұстафа Шентоп сағат 11 жарымда құттықтауларды қабылдайды. Жалпы Кеңесте мерекеге орай арнайы отырыс ұйымдастырылады.

Президент Режеп Тайып Ердоған арнайы отырысқа қатысады. Лидерлер де Жалпы Кеңеске қатысады.

Төрағаның беташар сөзінен кейін саяси партияның өкілдері сахнаға шығып, 10 минуттан сөз алады.

Кешкі уақытта Мәжіліс төрағасының қйымдастыруымен 23 сәуір мерекесіне арналған қонақасы беріледі.

Мәжіліс төрағасы Шентоп 24 сәуір күні 30 елден келген әлем балаларын күтіп алады.



Ұқсас жаңалықтар