Министр Чавушоғлу Түркия-АҚШ ынтымақтастығы дипломатиясы

Министр Чавушоғлу НАТО жиналысы аясында Вашингтонда АҚШ Конгресімен байланыстарын жалғастырды.

1176890
Министр Чавушоғлу Түркия-АҚШ ынтымақтастығы дипломатиясы

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу АҚШ Өкілдер Мәжілісі Сыртқы қатынастар комитеті төрағасы демократ Элиот Энгел және мәртебелі мүшесі республикашыл Майк Макколмен бас қосты.

НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысы аясында Вашингтонға барған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу АҚШ Конгресінде байланыстар жасады.

АҚШ Өкілдер Мәжілісі Сыртқы Қатынастар комитеті төрағасы демократ Элиот Энгел және мәртебелі мүше республикашыл Майк Макколмен басқосуға Түркияның Вашингтондағы өкілетті және төтенше елшісі Сердар Кылыч та қатысты. Кездесуде министр Чавушоғлуның Түрік-АҚШ ынтымақтастығына қатысты актуальды тақырып пен мәселелерді қолға алғаны және Түркияның тұғырын түсіндіргенін білдірді.

Министр Чавушоғлу Чехия мен Солтүстік Македония Республикаларының сыртқы істер министрлерімен де оңаша кездесті.

Аталмыш кездесулерді әлеуметтік медиа арқылы бөліскен Чавушоғлу «Чехия Сыртқы істер министрі Томас Патричек пен екі жақты сауда көлемі, екі жақты қарым-қатынастарды қолға алдық» деді.

Чавушоғлу Солтүстік Македония Сыртқы істер министрі Николя Димитровпен кездесуі жайлы «Солтүстік Македония Сыртқы істер министрі Димитровпен кездесуіміз екі жақты ынтымақтастық пен аймақтық тақырыптарды қамтиды. Солтүстік Македонияны НАТО-ның 30-шы мүшесі ретінде ең қысқа уақытта арамызда көргіміз келгенін тағы бір рет баса айттық» деді.



Ұқсас жаңалықтар