Ресейде 4 сәуір күні "Замандас Түркия" конференциясы өтеді

Конференцияға Ресейдің белгілі «Valdai Discussion Club» пен Түркияның «SETA» мекемелерінің өкілдері баяндамашы болып қатысады.

1174918
Ресейде 4 сәуір күні "Замандас Түркия" конференциясы өтеді

Президенттік аппараттың коммуникация басқармасы бүкіл әлемнің стратегиялық маңызы бар елдерінде ұйымдастырған «Turkey Today / Замандас Түркия» тақырыпты конференцияның келесі іс-шаралары 4 сәуір күні Ресейде ұйымдастырылады.

Президенттік аппараттың мағлұматтарына қарағанда өткен жылы қыркүйек айында алғашқысы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Ассамблеясының бас ғимараты алдында, екіншісі президент Режеп Тайып Ердоғанның Германияға ресми сапары кезінде Берлинде, үшіншісі қараша айда Үлкен жиырмалық елдері саммиті алдында Аргентинаның бас қаласы Буэнос-Айресте, төртіншісі желтоқсан айында Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда және соңғысы Қытайдың бас қаласы Пекин мен Шанхай қалаларында ұйымдастырылған «Замандас Түркия» тақырыпты конференциялық іс-шаралар 4 сәуір күні Ресей болып өтеді.

4 сәуір күнгі конференцияда «Сирия кезеңінде Түркия-Ресей ынтымақтастығы» тақырыбымен ұйымдастырылатын жиналысқа Ресейдің белгілі «Valdai Discussion Club» мекемесі мен Түркияның «SETA» мекемесінің (Саясат, Экономика және қоғамдық зерттеулер) өкілдері баяндамашы болып қатысады.



Ұқсас жаңалықтар