Үш теңіз бойында әскери жаттығу басталды

Түркияны қоршап тұрған үш теңізде бір уақытта болатын осы жаттығу республика тарихында бірінші рет өткізілуде.

1153175
Үш теңіз бойында әскери жаттығу басталды

Теңіз Күштері қолбасшылығы үш теңізде 103 кеменің қатысуымен бір уақытта жүргізілген «Көгілдір Отан 2019» жаттығуын бастатты.

Түркияны қоршап тұрған үш теңізде бір уақытта болатын осы жаттығу республика тарихында бірінші рет өткізілуде.

Теңіз Күштері операция төрағасы, адмирал Янкы Багджыоғлу Гөлджүктегі Теңіз әскери орталықта берген брифингінде «Көгілдір Отан 2019» жаттығуының Қаратеңіз, Эгей және шығыс Жерорта теңізінде бір уақытта бірінші рет өткізелетін жаттығу екенін айтты. «Көгілдір Отан 2019 жаттығуы 27 ақпан күні жасақтар мен кемелердің Қаратеңіз, Гөлджүк, Эрдек, Чанаккале,  Фоча, Аксаз және Искендеруннан қозғалуымен басталады» деді адмирал.

2-5 наурыз күндері арасында Қаратеңіз, Эгей және Жерорта теңізінде халықаралық су айдынын да қамтитын аймақтарда бір уақытта дағдарыс және әскери қозғалыс сценарийлері бойынша жаттығу атқарылады.

6-8 наурыз күндері арасында «Флот халыққа құшақ ашады» деген ұранмен Трабзоннан Искендерунға дейін барлық жағалау аймақтарында жаттығуға қатысқан 68 кеме елдің 33 портына барып тоқтайды.



Ұқсас жаңалықтар