Анкара Қала емханалары ашылады
Ердоған Түркияның Қала емханасы әлемде тұңғыш екенін айтты.
Елбасы Режеп Таип Ердоған Түркияның ең үлкені болуға лайықты Анкара Қала емханасының бірнеше күн ішінде ашылатынын айтты.
Елбасы Ердоған астана Анкарадағы Синжан Лале алаңында ұйымдастырылған топтық тұсаукесер мерәсімінде жасаған баяндамасында үлкен көгілдір экраннан қала емханаларына байланысты көріністің көрсетілуіне орай:
"Бұл емханалар әлемде жоқ, Түркияда бар. Түрік ұлтына жарасатын істі істедік, істеп те жатырмыз. Анкарадағы Қала емханасы Түркияның ең үлкені болмақ. Барлық жұмыстары негізінен аяқтады, бірнеше күн ішінде ашамыз" деп көрсетті.
Етлик аймағындағы басқа бір қала емханасын да ашатындарын да йтқан Ердоған осылайша Анкараның Билкент пен Етлик өңірлерінде екі ірі қала емханасына қауышатынын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды
Президент Режеп Тайып Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды.
Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Брюссельде
Жиында министр Гүлер жиналыс залында АҚШ-тық әріптесі Ллойд Остинмен қысқаша сөйлесті.