Түркия технологияға қатты көңіл бөлуде

Ердоған Түркияны жоғарғы білім беру жөнінде алдыңғы елдер қатарына көтеретіндерін айтты.

1140278
Түркия технологияға қатты көңіл бөлуде

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияны жоғарғы білім беру жөнінде алдыңғы елдер қатарына көтеретіндерін айтты.

Ердоған астана Анкарада Орташығыс Техникалық Университеті (ODTÜ) Мәдениет және конгресс орталығында  ODTÜ Технокенттің беташарына қатысты.

Президент бұл жерде жасаған баяндамасында бір елдің  технологиясының сол елдің тәуелсіздігі үшін өте маңызды екенін айтты.  

Жаһандық бәсекеде басқа елдерден озу үшін университеттерден жақсы пайдалану керектігін түсіндірген Ердоған «Университет пен өнеркәсіп арасындағы ынтымақтастықты жақсы жасауымыз керек. Осы тақырыпта Қытай Халық Республикасы өте табысты екенін байқаймыз» деді.

Ердоған «Өндірістен қауіпсіздікке, қорғаныстан медицинаға, білім беруден информатика технологияға дейін әр салада бірлік ішінде Түркияны дамытамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар