Ердоған Эрзурумда маңызды мәлімдеме жасады

Ердоған «Сенімді аймақ үшін уәделерінде тұрмаған жағдайда онда біз құрамыз» деді.

1133436
Ердоған Эрзурумда маңызды мәлімдеме жасады

Ердоған «Сенімді аймақ үшін уәделерінде тұрмаған жағдайда онда біз құрамыз» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған  Сирия шекарасында құрылатын сенімді аймақтың жұмыстарын жүзеге асыратын жалғыз күштің Түркия екенін айтты.

Режеп Тайып Ердоған Эрзурумда Әділет және даму партиясы Эрзурум қала әкім үміткерлерінің таныстыру жиналысында жасаған баяндамасында Сирия шекарасындағы сенімді аймақ жоспары жөнінде «Сенімді аймақ үшін уәделерінде тұрмаған жағдайда онда біз құрамыз. Орнындағы бақылаудың да бізде болуы керек. Бұның тысындағы шешім ұсыныстарын қабылдамаймыз» деді.

Президент Ердоған сөзінде Венесуэладағы саяси төңкеріс әрекетіне де тоқталып, «Ешқашан төңкерісшілдердің қасында болған жоқпын және бұдан кейін болмаймыз. Әлемнің қай жерінде бір саяси төңкерісшіл бар болса, біз олардың қарсы жағында боламыз» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар