"Күрдтерді террорлық ұйымның қолына тастамаймыз"

Ердоған Сирия күрдтерін бөлшектеуші террорлық ұйым YPG/PKK-ның зұлымдығына тастамайтындарын айтты.

1112792
"Күрдтерді террорлық ұйымның қолына тастамаймыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирия күрдтерін бөлшектеуші террорлық ұйым YPG/PKK-ның зұлымдығына тастамайтындарын айтты.

Ердоған Бештепедегі Ұлт конгресс және мәдениет орталығында «Мүгедек жандардың және мемлекеттің қамқорлығынан пайдаланған жастардың мемлекеттік мекемелерге жұмысқа орналастырылуы» рәсімінде сөз сөйледі.

Ердоған осындағы сөзінде Түрік Қарулы күштерінің Еркін Сирия армиясымен бірге Сирияның солтүстігіндегі YPG/PKK нысандарына бағытталатын болуы мүмкін операциясына тоқталып: «Сирияда проблема – еркіндік проблемасы.  Сирияның территория тұтастығы проблемасы» деді.

«Бүгін Сириядағы зұлымдықтың жалғыз себебі – халықтың бөлшектенгені» деді Ердоған. Ол «Осындай жағдай Ирак және Йеменде де бар.  Ливия,  Сомали және басқа да қан жылаған жерлерде.  Себебін өзіміздің ішімізден іздемеген сайын жағдайды өзгерте алмаймыз.  Біз Сирияға неге жүрміз? Араб бауырлардың,  күрд бауырлардың еркіндіктерін қайтарып беру үшін.  Сирия арабтарын ДАИШ-тың қолына қалай тастамаған болсақ,  Сирия күрдтерін де YPG/PKK террорлық ұйымының зұлымдығына тастамаймыз» деді.

Түркияда өмір сүріп жатқан 4 миллион сириялық азамат ішінде де этникалық түрлілік бар екенін атап көрсеткен президент: «Бүгінге дейін 300 мыңға жуық сириялық босқын еліне қайта оралды.  Тек Түркия тазалаған аймақтарға кетті.  Ирактағы Синджар аймағы да тазаланады.  Сирияда мәселе араб,  күрд, түрікмен мәселесі емес,  еркіндік мәселесі. Сирияның терртория тұтастығы мәселесі» деді.



Ұқсас жаңалықтар