Президенттік мәдениет және өнер сыйлығының лауреаттары анықталды

Лауреаттарға сыйлықтары 19 желтоқсан күні беріледі.

1104630
Президенттік мәдениет және өнер сыйлығының лауреаттары анықталды

Мәдениет және өнер саясаттары кеңесі Президенттік мәдениет және өнер сыйлығының лауреаттарын анықтады.

Мәдениет және өнер саясаттары кеңесінің жиналысы президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында Чанкая сарайында өтті.

Президенттік мәдениет және өнер сыйлықтарына тарих және әлеуметтік ғылымдар саласында Мехмет Ипширли, кинематография саласында Илкер Инаноғлу, музыка саласында Ерол Саян, өнер/фотография саласында Иззет Керибар лайықты деп табылды.

Мәдениет және өнер кеңесі биылғы «Адалдық» сыйлығының Тәуелсіздік ұранының авторы, марқұм Мехмет Акиф Ерсойға берілуіне шешім берді.

Президенттік мәдениет және өнер сыйлықтарын тапсыру кеші 19 желтоқсан күні Президенттік сарайда өткізіледі.



Ұқсас жаңалықтар