Анкарада Сирия жиналысы өтті

Түркия мен АҚШ Сирия тақырыбын талқылады

1102457
Анкарада Сирия жиналысы өтті

 

Түрік және Америкалық делегациялардың қатысуымен Сирия тақырыбындағы үшінші кезекті жұмыс жиналысы елорда Анкарада өтіп жатыр.

Жиналысқа Түркия атынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Өнал, Америка Құрама Штаттары атынан  Сирия арнайы өкілі Джеймс Джефри төрағалық жасауда.

Жиналысқа екі елдің де әскери лауазымдылары қатысты.

Бөлшектеуші террористік ПКК/ПИД/ИПГ ұйымдары жаулап алған Мунбиш тақырыбы негізгі күнтәртіп ретінде талқыланды.

Кездесулерде аталмыш террористік ұйымдардың  аймақта ат ойнатуынан мазасыз болып отырғанымызды АҚШ өкілдеріне тағы бір мәрте жеткізу және террорлық ұйымдардың аймақтан түбегейлі шығып кетуінің қажеттілігін дәріптеу күтіліп отыр.

Жиналыста күнтәртіпке келуі күтілген тақырыптар арасында  АҚШ-тың Эфрат өзенінің шығысында  құруды жоспарлаған бақылу түйіндері де бар.

Америка Құрама Штаттарының Сирия арнайы өкілі Джеймс Джефри Анкарадағы сапарынан кейін Иорданияға барады.



Ұқсас жаңалықтар