Президент Ердоған Буэнос-Айреске аттанды

Президент Режеп Тайып Ердоған Буэнос-Айресте өткізілетін Үлкен жиырмалық елдері саммитіне қатысу үшін Аргентинаға аттанды.

1097104
Президент Ердоған Буэнос-Айреске аттанды

Үлкен жиырмалық елдері саммиті Аргентина кезекті төрағалығының негізгі бағалау салалары еңбек шарттарының келешегі, өркендеу үшін инфрақұрылым мен азық-түлік қауіпсіздігі екенін атап көрсеткен Ердоған ағымдағы жылдың ішінде 12 жиналыс пен көптеген техникалық деңгейде жұмыс атқарғанын атап көрсетті.

Ердоған Түркияның осы жұмыстарға белсенді қатысқанын, көзқарастарын Үлкен жиырмалық елдері ортақтарына жеткізгенін түсіндірді.

Президент Ердоған Ресей Федерациясы басшысы Владимир Путинмен кеше телефон арқылы әңгімелескендерін және Сирияның Идлиб мәселесін де қолға алғандарын атап айтты.

Ердоған «Мәселенің тағы бір тұсы Манбиджтегі жағдай. Осы тақырыппен байланысты құрметті Трамппен иншалла Аргентинада бас қосамыз» деді.

Президент Ердоған Үлкен жиырмалық елдері саммитінің артынан 2-3 желтоқсан күндері Парагвай және Венесуэлада ресми байланыстарын жалғастырмақ.



Ұқсас жаңалықтар