Ердоған мен Трамп телефонда сөйлесті

Президент Ердоған АҚШ президентімен телефон әңгімесінің маңызды тұстары жайлы егжей-тегжейді бөлісті.

1081054
Ердоған мен Трамп телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның нысанасының Сирияның Манбидж аймағынан бөлшектеуші террор ұйымдары PYD/YPG-нің дереу шығуы екенін атап көрсетті.

Президент Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Петр Порошенкомен Стамбулда ұйымдастырған баспасөз жиналысында Түркия-АҚШ қарым-қатынастары жайлы қойылған бір сұраққа жауап қайтарды.

Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон әңгімесінің маңызды тұстары жайлы егжей-тегжейді бөлісті.

Түркия-АҚШ арасындағы келіссөзге қарағанда террор күштерінің Манбиджтен 90 күннің ішінде шығарылу керектігін, бірақ осы мерзімнің толғанын Трампқа жеткізгенін атап айтқан Ердоған «Түрік және АҚШ Сыртқы істер министрлерінің бір жол картасы бар болатын, осыған бағынбады. Осы жол картасын іске қосудың уақыты келді дедік және осы кезең басталды жалғасуда» деп жауап қайтарды.

Президент Ердоған Трамппен әңгімесінің тағы бір маңызды тақырыбының қаржы мәселесімен байланысты қадамдар екенін атап көрсетті.

Ердоған Трамптың қаржы тақырыптары мен Манбидж мәселесімен байланысты министрлеріне тапсырма бергенін атап көрсетті.

Ердоған екі министрмен байланысты қысым жасау тақырыбын қолға алғандарын атап, бірдей уақытта белгіленген күн мен сағатта санкциялардың жойылғанын білдірді.

Ердоған АҚШ президенті Трамппен кейінгі кездесуінің Францияның бас қаласы Парижде болатынын атап көрсетті.

Ердоған «Баршаға мәлім Парижде халықаралық бір жиналыс бар. Осы жиналыста құрметті Трамп пен әртүрлі тақырыптарды бетпе-бет талқылауға мүмкіндік болады. Ресей президенті құрметті Владимир Путинмен де дәл осылай жоспарланған. Яғни әлем басшыларының кейбірлерімен сол жерде осындай тақырыптарды қолға алуға жағдай бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар