Ердоған мен Трамп телефон арқылы сөйлесті

Президент Ердоған мен АҚШ Президенті Трамп телефон арқылы сөйлесті.

1079958
Ердоған мен Трамп телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда екі лидердің телефондағы әңгімелерінде екі ел қарым-қатынастары, Сириядағы оқиғалар, Манбидж және Идлиб сынды тақырыптарды қолға алды.

Екі ел арасындағы қарым-қатынастарды күшейту жөнінде қадамдар басатынын түсіндірген екі лидер аймақтық тақырыптарда қою байланыс ішінде болатындары жайлы  келісті.

Президент Режеп Тайыр Ердоған телефондағы әңгімесінде Трапмка Пенсильвания штатының Питтсбург қаласында қарулы шабуыл барысында қайтыс болғандардың туыс-туғандарына және АҚШ халқына көңіл айтқанын жеткізді.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трамп арасындағы телефон әңгімелеріне байланысты Ақүй «Екі лидер әсіресе Сирия тақырыбында бірге жұмыс істейтін болды» деген мәлімдеме жасады.



Ұқсас жаңалықтар