Басшылар ортақ баспасөз мәслихаты өткізді

Саммиттің артынан Түркия, Ресей, Германия және Франция төрт басшысы ортақ декларация жарияланды.

1077096
Басшылар ортақ баспасөз мәслихаты өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған, Ресей президенті Владимир Путин, Франция президенті Эммануэль Макрон және Германия канцлері Ангела Меркель Вахдеттин сарайында жүзеге асқан Сирия тақырыпты төрттік саммит аяқталды.

Саммиттің артынан ортақ декларация жарияланды.

Декларацияда басшылар террорға қарсы күресті жалғастыру керектігіне назар аударылып, ықпалды шаралардың толық іске қосылуы және барлық тиісті тараптардың ережелерге бағынуымен қамтамасыз етілетін тұрақты бір атысты тоқтату бітімінің маңызына назар аударды.

Төрттік саммитте Сирия мәселесімен байланысты соңғы жаңалықтар қолға алынған және Сирия келіспеушілігінен туындаған аймақтық және жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа бағытталған риск пен қауіптер алдында ортақ уайымдар тілге тиек етілді.

Басшылар Сирия Араб Республикасының егемендігі, тәуелсіздігі, бірлігі және шекара тұтастығы мен БҰҰ шартының мақсат пен ережелері алдында мықты уәделерін қайталады.

Жалғасып отырған келіспеушілікке әскери шешім табылмайтыны және келіспеушіліктердің тек қана БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 нөмірлі шешімімен сәйкес екені аталып, саяси бір кезең арқылы тоқтатыла алатынына толық сенім білдірген басшылар осы аяда Сирия келіспеушілігіне шешім үшін әртүрлі халықаралық бастамалар арасында бірдей қозғалудың маңыздылығына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар