Стамбұлда Сирия тақырыпты төрттік саммит өтеді

Түркияның қонақжайлығында Сирия тақырыпты төрттік саммит Германия, Франция және Ресейдің қатысуымен ертең Стамбұлда болып өтеді.

1076274
Стамбұлда Сирия тақырыпты төрттік саммит өтеді

Президент Режеп Тайып Ердоғанның қонақжайлығымен ұйымдастырылатын саммиттің негізгі күн тәртібін Идлибтегі атысты тоқтатуды күшейтетін шаралар мен Сирия дағдарысына саяси шешім ізденістері аясында ортақ талпыныстар құрайды.

Саммиттің соңында төрт елдің ортақ декларация қабылдауы күтіледі.

Саммит Астана процесі мен БҰҰ Сирия арнайы өкілі Стеффан де Мистура тарапынан Женевада құрылған «кішкентай топ» өкілдерінің басын алғаш рет қосады.

Де Мистура алдында Женевада екі платформаның өкілдерімен Атазаңы комитетін құру жөнінде келіссөз жүргізуде.

Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануэль Макрон, Ресей президенті Владимир Путинге қоса, Стеффан де Мистура да саммитке қатысады.



Ұқсас жаңалықтар