Президент Ердоған Джевад Зарифті қабылдады

Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зариф ресми сапар аясында Анкараға келді.

1040169
Президент Ердоған Джевад Зарифті қабылдады
zarif-cavusoglu.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Иран сыртқы істер министрі Джевад Зарифті қабылдады.

Бас қала Анкарада Әділет және даму партиясының бас ғимаратында баспасөзге жабық жүзеге асқан қабылдау шамамен 1 сағатқа жалғасты.

Қабылдауға Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да қатысты. Иран Сыртқы істер министрі Зариф кейін Мевлүт Чавушоғлумен оңаша бас қосты.

Чавушоғлу Твиттерден жасаған мәлімдемеде «Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зарифпен Сириядағы жаңалықтарға қоса күн тәртібіміздегі екі жақты және аймақтық тақырыптарды талқыладық» деді.



Ұқсас жаңалықтар