Президент Ердоған Иранға барады

Үш елдің басшысы Сирия тақырыбын қолға алады.

1038429
Президент Ердоған Иранға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған 7 қыркүйекте Иранға барады.

Ердоған осында Иран президенті Хасан Руханимен бірге Ресей президенті Владимир Путинмен бас қосады.

Тебриз қаласындағы кездесуде Сириядағы Идлиб аймағы секілді тақырыптар қолға алынады.

Үш лидер Сирия келіссөздерінің біріншісін қараша айында Ресейдің Сочи қаласында,  екіншісін 3 сәуір күні Анкарада өткізген болатын.



Ұқсас жаңалықтар