Президент Ердоған Құрбан айтқа орай бейне көріністі құттықтау жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған Құрбан айттың бүкіл ислам әлемі мен адамзатқа құт береке әкелуін тіледі.

1035462
Президент Ердоған Құрбан айтқа орай бейне көріністі құттықтау жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған Құрбан айтқа орай құттықтау жариялады.

Құттықтауында «Экономикамызға бағытталған шабуылдың тікелей шақырған азанымызға және байрағымызға бағытталған шабуылдан айырмашылығы жоқ» деген президент Ердоған «Мақсат бірдей. Түркия мен түрік ұлтын тізе бүктіруді нысанаға алып отыр» деп мәлімдеді.

Бейне көрініспен құттықтауын жариялаған Ердоған сөзін «Қасиетті ұлтым, құрметті бауырларым сіздерді шын жүректен мүбәрак Құрбан айтпен құттықтаймын. Біздерді аман-есен тағы бір Құрбан айтқа жеткізген раббыма шүкіршілік білдіремін» деп бастады.

Айттың бүкіл ислам әлемі мен адамзатқа құт береке әкелуін тілеген президент Ердоған Құрбан айттың қиыншылықтарды артта қалдыруға себеп болуын тіледі.

Түрік ұлтының жақсы не жаман күнде бірлік болу, бір жүректей, бір жұдырықтай болу қабілетінің арқасында мыңдаған жылдан бері болмысын жалғастырғанын білдірген Ердоған соңғы жылдардағы барлық қиыншылықтар мен төңкеріс әрекеттеріне қоса, тұзақтарды осының арқасында бұзғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар