"АҚШ санкциялармен ештеңе істей алмайды"

Сыртқы істер министрі Анкарада 10-шы Өкілетті елшілер Конференциясының ресми ашылу бағдарламасында үн қатты.

1031259
"АҚШ санкциялармен ештеңе істей алмайды"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу әртүрлі операцияға, акцияларға қарамастан Түркияның әлемде инвестиция салатын мемлекеттер арасында ыңғайлысы  екенін атап көрсетті.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Анкарада 10-шы Өкілетті елшілер Конференциясының ресми ашылу бағдарламасында үн қатты.

Чавушоғлу «АҚШ-ты әдеттегі достық ынтымақтастығы мен НАТО одақтастығы ережелеріне  бағынуға шақырамын» деді.

АҚШ-тың санкциямен ештеңе істей алмайтынын атап айтқан Чавушоғлу «Қысымдармен ештеңе жасала алынбайтынын АҚШ білу керек. Дипломатияға, келісімге әзірміз дегенмен санкцияларды қабылдауымыз мүмкін емес» деді

АҚШ-пен соңғы кездері қаламаған қарым-қатынастардың пайда болғанын атап көрсеткен Чавушоғлу «АҚШ әкімшілігі жасампаз ұстанымнан аулақ. Фетуллахшы террор ұйымы тақырыбында нақты бір қадам баспады. Олар да жақсы біледі, 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті кезеңінің аржағында FETÖ бар. Бізден қылмыстық актілердің папкасын сұрады, бәрін жолдадық. Бұл ұйымның басшысы бәрі бір Пенсильванияда өте тыныш өмір сүруде. Бұл ұстаным оларға жараспайды. Бұл ұстаным тек қана Түркия емес, бүкіл әлемде жалғасуда. Жалпы достық қарым-қатынастарымызға, НАТО ынтымақтастығына бағынуларын күтеміз. АҚШ ішкі саясатпен байланысты дағдарысты жалғастыруда» деді.

Түркияның АҚШ-пен ынтымақтастығын реттеуі үшін өз жауапкершілігін орындағанын атап көрсеткен Чавушоғлу «Күштеп еш жаққа бара алмайсыз. Санкция және инвестициялармен бір нәрсе істей алмайтынын АҚШ енді түсінуге тиісті. Еуроодақ елдері өзара стандарттарынан кері қадам басса да, біз стандарттарымыздан кері қадам баспаймыз. Керісінше одан жоғары қадам басамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар