Террор ұйымының логистикалық жауаптысы залалсыздандырылды

Бас штаб басқармасы террор ұйымының логистикасына жауапты, «Делил Каракочан» лақапты Хасан Чакмактың залалсыздандырылғанын мәлімдеді.

1015544
Террор ұйымының логистикалық жауаптысы залалсыздандырылды

Түрік қарулы күштері Ирактың солтүстігіне 13 шілде күні жасалған операцияда залалсыздандырылған 3 террористің бірінің бөлшектеуші террор ұйымының логистикалық жауаптысы Хасан Чакмак екенін анықтады.

Бас штаб басқармасы жасаған мәлімдемеде араларында «Делил Каракочан» лақапты Хасан Чакмак бар 3 террористің қару, оқ-дәрі және есірткі саудасы кезінде әуе операциясымен залалсыздандырылғанын атап көрсетті.

Операциямен байланысты Түрік қарулы күштері таратқан бейне көріністерде болса есірткі саудасы кезінде бір көлікті атқылағаны толығымен байқалады.



Ұқсас жаңалықтар