ТҰҰМ төрағасы Бинали Йылдырым мәлімдеме жасады

ТҰҰМ төрағасы Бинали Йылдырым 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің үстінен 2 жыл өткеніне қарамастан қайғылардың әлі таза екенін атап көрсетті.

1012777
ТҰҰМ төрағасы Бинали Йылдырым мәлімдеме жасады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Бинали Йылдырым Фетуллахшы террор ұйымының (FETÖ/PDY) 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің үстінен 2 жыл өткеніне қарамастан қайғылардың әлі таза екенін атап көрсетті.

15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің жылдығында Каршыяка шәйіттігіне барған соң мәлімдеме жасаған ТҰҰМ төрағасы Йылдырым «2 жыл өткеніне қарамастан қайғыларымыз әлі таза. 15 шілдені ұмытпаймыз, ұмыттырмаймыз деген болатын» деді.

ТҰҰМ төрағасы Бинали Йылдырым, Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу, Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің 2-ші жылдығына орай шәйіттерді еске алу үшін Анкара Каршыяка шәйіттігіне барды.

Еске алудың артынан Йылдырым жасаған мәлімдемеде «15 шілде және отанымыздың қорғанысында пидақорлықпен жанын аямаған барлық шәйіттерімізді рақымшылықпен еске аламыз. Анкарада сол күні түнде құрбан болған шәйіттеріміздің мазарларына келіп дұғамен тағзым еттік. Екі жыл өткеніне қарамастан қайғыларымыз әлі жаңа. 15 шілдені ұмытпаймыз, ұмыттырмаймыз деген едік. Әрі шәйіттеріміздің туыс-тамырлары, әрі ұлтымыз толығымен бұл сезімталдықпен сол күнді еске алады. Шәйіттеріміз бұл мемлекеттің кепілдері. Байрақтағы жарты ай тәуелсіздіктің символы. Жұлдыздар болса әрбір шәйітіміздің белгісі. 15 шілде шәйіттеріміз бен отанымыздың қорғанысы үшін жанын берген барлық шәйіттерімізді бүгін қайтадан Алланың рақымшылығымен еске аламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар