Залалсыздандырылған террорист саны 4540 болды

Зәйтүн бұтағы операциясында залалсыздандырылған террорист саны 4540 болды.

1012186
Залалсыздандырылған террорист саны 4540 болды

Шырнак пен Мардинде бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі 5 террорист қауіпсіздік күштері  тарапынан тірі ұсталды.

Қауіпсіздік күштері тарапынан жүргізілген іздеу жұмысы барысында бір қолдан жасалған жарылғыш күйретілді.

Бейтушшебап ауданында да террор ұйымы PKK/KCK-ға бағытталған операцияларда біреуі әйел француз текті 16 күдікті бақылау астына алынды.

Енді бір жағынан Түрік Қарулы Күштерінің соңғы 1 аптада ұйымдастырылған операцияларда 76 террорист залалсыздандырылды.

Сирияның Африн аймағына бағытталған Зәйтүн бұтағы операциясында залалсыздандырылған террорист саны 4540 болды.


Этикеттер: #операция , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар